Ақтөбеде далада қалған отбасылар күннің суығында күркешеде тұрып жатыр
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Ақтөбеде бастарындағы жалғыз баспаналары суға кетіп, далада қалған отбасылар қазір шиеттей баламен, күннің суығында күркешеде тұрып жатыр. Әуелде әкімшілік үйлері тұруға жарамсыз дегендерге «үй тұрғызып болғанша уақытша баспана береміз деп уәде еткен» дейді тұрғындар. Алайда уәде орындалмапты. Өлместің күнін кешіп отырған тұрғындар енді құрылыс басына өздері қолдан күркеше жасап жан бағып отыр.