У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Түлкібас ауданының тұрғыны жақында көмек сұрап, біздің телеарнаға келді. Оның үлкен қызы 8 жаста. Оқу жылы басталғалы мектеп бетін көрмеген. Макаренко мектебінің жанындағы интернатынан жазғы демалыста анасы алып кеткені белгілі болды. Мекеме басшылығы мен тәрбиешілері бұл туралы аудандық ішкі істер басқармасына да хабарлапты.