17 09 2014 Қарағандылық белсенді Айтқожа Фазылов Путинге наразылық хат жібермек болған
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Бүгін Астанада қарағандылық белсенді Айтқожа Фазылов бастаған төрт азаматты жергілікті полиция қызметкерлері ұстап әкетті. Белсенділер Қазақстандағы Ресей елшілігіне өздерінің Владимир Путинге жазған наразылық хатын апарып тапсырмақ болған. Себебі, олар Ресей Президентінің «тоқсаныншы жылдарға дейін Қазақстанның ешқандай мемлекет болған жоқ» деген атышулы мәлімдемесіне наразы.