Қарғалы ауылындағы № 10-шы орталық ипподромда бүгін ат жарысы өтті. Оған қатысушылар еліміздің түкпір-түкпірінен келген . Шара- жеңістің 69 жылдығына арналды. Мақсаты- ұлттық спорт түрін дамыту. Бүгін маусымның ашылуы. Бас жүлдені-облыс әкімі тағайындады. Бүгін сүліктей сыланған сәйгүліктер аламан бәйге, жорға жарысы, құнан бәйгемен қатар, қазақтың ұлттық ойындары -«теңге алу» мен қыз қууға да қатысты. Бәйгеге ат терлетіп сонау Көкшетау, Павлодар, Петропавловск, Атырау, Орал, Ресейдің Орск қалаларынан атбегілер мен шабандоздар жетті. Төрешілер қатаң. Бәйгеде теқ қана жылдамдық ескерілмейді. Бұрылыстарда түйісіп қалу, бұйрық берілмейінше жарыс алаңына шығу да қателік болып есептеледі. Айта кетейік, ат жарысы жыл сайын жер әбден кепкесін, мамыр айында өтеді. Маусым 5 айға созылады. Алдағы жоспар-Әйтеке бидің 370 жылдығына орай ат жарыс ұйымдастыру. Ал бүгінгі доданың бас жүлдесі-темір тұлпар. 2-ші орын иегеріне 350 мың теңге, қола жүлде үшін 250 000 теңге ақшалай сыйлық тиесілі.