У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Бүгін Астанада «Жел империясы» деп аталатын жаңа кітап-каталогтың тұсау кесері өтті. Онда дарынды жас суретші Улия Молдағалидің еңбектері жарық көрген. Бұл фотосуреттер жиынтығы Улияның 8 жылдық ізденіс жолындағы есеп беруі. Бірегей кітапта этно-авангард үлгісіндегі автордың қолынан жарық көрген зергерлік бұйымдардың суреттері, сәнді үлгідегі киімдер мен картиналар бейнеленген.