Минусовкасы, Плюсовкасы http://daribaevtar.kz/ сайтында
+7 701 333 0028 Анықтама алуға болады.
Кел, жаңа жыл!
Сөзін жазған: Аманғазы Кәріпжан.
1.Ескеріп бала күндерді
Жадырап жаңа жыл келді.
Жап-жасыл шыршалармен,
Ұлпа қармен
Тағы да дала гүлденді.
Жаңа жыл – жаңа күн қандай! –
Жаңа бір бақыт тұнғандай.
Алыста қалған
Аяулы арман
Қол бұлғап күтіп тұрғандай...
Қайымасы:
Сырластар қайда?...
Кел де бізбен тойла!
Жас баладай жайнап,
Шырқа тағы, сайра!
Жаңа жылды жаңаша
Қарсы алайық оңаша –
Болсын тамаша!
Аяз кеп беттен
Сүйіп, құшып өпкен,
Әйнегіне жанның
Өрнек салып кеткен?...
2.Шыршалар алдан бал ашып,
Аңсайтын сынды таласып.
Жасыл шамдай жанары
Оттай жанады
Жақсылықтарға жол ашып.
Сезім де аппақ, қар аппақ –
Даланы жатыр парақтап.
Көзімнің нұрын,
Көңілдің жырын
Көкжиектерге таратпақ...
Қай маңда албырт сезім қалды лаулап? –
Бәрін де жасырады қар қылаулап...
Сен де, құрбым, тұрма! –
Биле, тойла, жырла!
Елге саулық тілейік
Берекелі жылда...
Жаңа жыл құтты болсын!