Жаңа мәжіліс президент пен Қазақстан халқына ант беріп, өз жұмысын бастады
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Жаңа мәжіліс өз жұмысын бастады. VІ шақырылым депутаттары президент пен Қазақстан халқына ант беріп, өз орындарына жайғасты. Және жаңа спикерлерін де таңдады. Есесіне үкімет өзгеріссіз қалды. Мәжілісмендердің төртеуі қарсы дауыс беріп, жетеуі қалыс қалғанымен, министрлер кабинетіне өзгелер толық сенім білдірді. Жаңа келген депутаттардың алғашқы мәлімдемелері мен 2 айлық үзілістен соң қайта оралған мәжілісмендерді қарсы алған айрықша талаптар туралы бүгінгі қос палатаның бірлескен отырысына қатысып қайтқан әріптесіміз Бақытнұр Әлібай жалғастырады.