Әні мен сөзін жазған: Әділбек Ыбырайымұлы,
Орындаған: Хасымхан Бұғыбай.
Жалған
Өмірдің ұқтырып жалғандығын,
Жалт беріп алдадың, алданды кім?
Көзімнен бұршақ жас жерге тамды,
Қайтейін, қайтем енді арманда ұлың.
Қ-сы
Ырғалды жалған жырғалды,
Тұлпар да едің тұрманды.
Ақ жаулық тартып аттандың,
Томаға тұйық қыр қалды.
Жаулығың қалды әне ағараңдап,
Босағаң бос жатыр қараған бақ.
«Әрең бір көргенім» деуші едің сен,
Ең жақсы сөзіңді де маған арнап.
Қ-сы
Көзіңде сенің нұр бар-ды,
Кеудеңде сенің сыр бар-ды.
Қиналып бірдей тапсаң да,
Артық та көрдің ұлдарды.
Ат мінсем, мінгіздің пырақтарды,
Сен жақтың санама шырақтарды.
Тірлікте көрсеттім қандай қызық?
Сен кеттің таусылмайтын сұрақ қалды.
Қ-сы
Ырғалды жалған жырғалды,
Тұлпар да едің тұрманды.
Ақ жаулық тартып аттандың,
Томаға тұйық қыр қалды.