У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
АҚШ-тың Вашингтон қаласында екі автокөлік мінген қылмыскерлер түнгі клубтан шыққан адамдардарға бет алды оқ атқан. Ақпарат көздері атыстан 13 адам жарақат алғанын хабарлайды. Зардап шеккендер жедел ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер жараланған бір адамның жағдайы ауыр екендігін айтады. Оқиға жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 03:00-тің кезінде болды. Әзірге қылмыстың нақты себебі анықталған жоқ. Тергеу ісі басталды. Алдын ала болжам бойынша, атыс бір-біріне жақын орналасқан екі компания арасында келіспеушіліктің кесірінен туған болуы мүмкін. Айта кетейік, соңғы кездері АҚШ-та мұндай оқиғалар жиілеп кетті. Өткен жылдың желтоқсанында Ньютаун қаласының мектебінде болған атыстан 20 оқушы мен 6 ересек адам қаза тапқан. Подписывайтесь на «Хабар 24»:
https://www.youtube.com/c/tv24kz
Наш сайт - https://24.kz
Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/
Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/
Telegram - https://t.me/tvkhabar24
Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24
Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24