У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Жуық арада «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның теміржол саласындағы жаңа магистральді теміржолға бәсекелес тасымалдау қызметінен бөлу моделі құрылады. Сонымен қатар, жаңа жүйеде отандық көлік саласының бәсекелестікке қабілеттілігін және қызмет көрсету сапасын арттыру, инфрақұрылымды дамыту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету де көзделген. Осындай өзгерістер енгізілген жаңа Заң жобасын ҚР Көлік және коммуникация министрлігі ҚР Парламенті қарауына ұсынып отыр. Сонымен бірге, құжатта теміржол бекеттерінің қызметі мен жолаушылар тасымалына сапа стандарттарын енгізу жоспарланған. Заң жобасындағы тағы бір жаңалық электронды билет жүйесінің енгізілуі. ҚР Көлік және коммуникация министрлігі құжат күшіне енсе, алыпсатарларға тосқауыл қойылатынына сенімді. Подписывайтесь на «Хабар 24»:
https://www.youtube.com/c/tv24kz
Наш сайт - https://24.kz
Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/
Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/
Telegram - https://t.me/tvkhabar24
Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24
Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24