У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
«Бастарыңа келген бір ауыршылық, қолекі істегендеріңнің салдарынан болады. Және де Алла көбін кешіп жібереді. Шура сүресі 30-аят. «Құран-Кәрім.»
Тәпсірі: Адамдарға, олардың үй іштеріне, балаларына, денсаулық, мал-мәулеттеріне келетін барлық жаманшылық-олардың өз қолдарымен істеген жамандықтарынан, күнәларының себебінен. Бірақ, құлдарының одан да көп күнә және кемшіліктерін Аса Ұлы Аллаһ жазаламай кешіріп жібереді. Аса Ұлы Аллаһ адамдарға әділетсіздік жасамайды, керісінше адамдар өздеріне-өздері әділетсіздік істейді. А.Саъди