Шымкент қаласында қайталанатын көше атаулары күрт өскен
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Шымкент қаласында қайталанатын көше атаулары күрт өскен. Мәселен, бір қаланың өзінде Абай атында 19, Амангелді атында 9, Молдағұлова көшесі 8, Гагарин 7, Мәметова 6, Уәлиханов атында 5 көше бар екен. Бұл жағдай әсіресе, халыққа қызмет көрсету орталығына мекен-жайға тұруға келетін азаматтар арасында түсініспеушілік тудырып, жедел жәрдем, өрт пен құтқару қызметіне жүгінушілерге де қиындықтар тудырып отырған көрінеді