У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі «Жоспарланған және бекітілген жобаларды ескере отырып, қаланың бас жоспарын жаңарту үшін жасалған кешенді жоба» құжатын дайындаушылардың есіне салды. Нұрлан Сауранбаев жоба жасаушыларға алдымен қазіргі таңда тұрғындар қоныстанып қойған жерлерге назар аудару керектігін айтты. Бірінші кезекте сол жерлерге байланыс орнатып, көңіл бөліну керек. Тағы бір тапсырма – тозығы жеткен үйлердің мәселесін шешу. Шымкент жан-жаққа қарай емес, жоғары қарай даму керек. Сондықтан көп қабатты үйлер басты назарға алуынуы тиіс. Сол кезде құрылыспен бірге байланыс жүйесі де қатар жүргізілетін болады. Шахар басшысы бұл жоба халық мүддесі негізінде жасалуы керек екенін ескертті. Егер осы шарттар орындалған жағдайда ғана жобаны қабылдауға уәде берді. Ал оған дейін жобаны қайта қарауға жіберді.