Wednesday, 17 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

ШҚО-да спирт саудасын кәсіп қылғандар көбейген

ШҚО-да спирт саудасын кәсіп қылғандар көбейгенУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Шығыс Қазақстан облысында астыртын арақ-шарап сатып, спирт саудасын кәсіп қылғандар көбейген. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері кезекті жедел тексеріс кезінде құтыларға құйылып, саудаға шығарылғалы тұрған 5 тоннаға жуық контрафакталық спиртті тәркіледі. Оны сатып, пайдаға кенелгісі келген кәсіпкер енді әкімшілік жауапқа тартылып, ірі көлемде айыппұл төлейді. Ал тәркіленген сұйықтықтың техникалық спирт екені анықталды. Қазір осы іске байланысты қосымша тергеу басталды. Ләйлә Ысқақова, облыстық экономикалық тергеу қызметінің баспасөз хатшысы -Қазіргі уақытта оған қатысты әкімшілік іс жүріп жатыр. Сонымен қатар сот сараптамасы тағайындалды. Сот сараптамасы негізінде алынған спирт өнімдері пайдаланылуға жарамсыз. Оның қуат күші 32-33 градусты құрап отыр.
Мой аккаунт