Нейрохирургияда жаңа технологиямен күрделі оталар жеңіл түрде жасалады.
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Ғабит Махамбаев еліміздегі санаулы кәсіби нейрохирургтардың бірі. Ғабит Жанділдәұлы барлық отаны әлемдік озық технологиямен жасайды. Жаңа технологияны игеру үшін де үнемі ізденіп, үлкен жетістіктерге жетіп келеді. Елбасының рухани жаңғыру мақаласындағы «100 жаңа есім» бағдарламасына облысымыздан 11 адам енген. Осынау азаматтардың арасында Ғабит Махамбаев та бар.
Ғабит Жанділдәұлы облыстық медицина орталығында нейрохирургия бөлімін басқарады. Ұжымында ұйымдастырушылығымен қоса, сыйлы азамат. Махамбаев 2006 жылы облыста «Жылдың үздік дәрігері» аталымы бойынша 3-орынды иеленсе, 2007 жылы «Жылдың үздік хирургі» атағына ие болды. Нейрохирургия саласында 50 ден астам әдістемелік материалдар жазып шығарды. Бүгінде, еліміздегі жаңа технологиямен жұмыс атқаратын санаулы мамандардың қатарында.
Жүйке жүйесі адамның ең нәзік және жанды жері. Науқастың жүйке жүйесіне зақым келсе, оның ақыл-есі мен ми, жұлын тамырларына да әсер етеді. Жүйке жүйесіне ота жасау қиын десек те жаңа технологиямен Ғабит сияқты кәсіби мамандардың арқасында, ең қауіпті аурулардың да жазылып кетіп жатқандары жетерлік. Қазір аталмыш дертпен ауыратындар өткен жылдарға қарағанда азайып келеді. Бұл салада инсульт, яғни мидың жанындағы қан тамырларының жарылуы немесе жабылуы жиі кездесетін дерт дейді нейрохирург.
Кәсіби деңгейде нейрохирургия саласында емдейтін орталық Астанада және Қарағандыдыа ғана бар. Қарағандылық дәрігерлерр отандық және шетелдік мамандармен жиі тәжірибе алмасып тұрады. Ғабит Жанділдәұлы бұл жолы миының астынғы бөлігінде ісігі бар емделушіге ота жасады. Бұл қатерсіз ісік болып саналады. Мұндай емдеу шараларында науқастар емделеді дейді кәсіби дәрігер.