Tuesday, 09 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Лагерь Улытау Хабар Каз

Лагерь Улытау Хабар  КазУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Таңғы жаттығудың орнына «Қара жорға» биі, ал кофе-брейктің орнына «қымыз брейк». Халықаралық Бизнес Академиясы қазақ тілін үйретудің инновациялық бағдарламасын жалғастыруда. «Ұлытау» мәдени-лингвистикалық лагерінің басты мақсаты - тыңдаушыларды тілдік кедергілерден арылтып, этникалық ортаға бейімдеу. «Ұлытау» мәдени-лингвистикалық лагері тұрғындарының әр күні еліміздің әнұранын айтудан басталады. Содан соң қазақ аэробикасы іспетті «Қара жорға» биімен ертеңгілік жаттығу жасап, сабаққа отырады. Дәріс ақшаңқай қазақ үйлердің ішінде өтеді. Сабақта ауызекі сөйлесу дағдыларын дамыту, іскери лексикаға қажетті тілдік қорын меңгеруге көңіл бөлінеді. Тіл үйренушілердің қатарында студенттер мен қатар көптеген компанияның қызметкерлері де бар. Халифа ЖАҚЫБАЕВА, ХБА ОҚЫТУШЫСЫ: - Студенттердің, жалпы тыңдаушылардың барьер дейді ғой соны алдыру. Түсіндіру. Яғни, қазақ халқының осындай тамаша дәстүрлері бар, осындай тамаша ойындары бар осындай тамаша шешендік сөздері бар деп соларды үйрете отырып, кішкене болса да көзқарасын өзгерту, тілге деген қызығушылығын арттыру. Түстен кейін-қазақ халқының салт-дәстүріне арналған сабақтар жалғасады. Домбыра жасау, ер шабу, сиыр сауып, қымыз пісуді үйренеді. Әртүрлі ойындар ойнап, ұлттық тағамдарды жасайды. «Тілді мәдениет, дәстүр арқылы үйрену айтарлықтай жеңіл», - дейді ұйымдастырушылар. Айжан ҚАЙРАТҚЫЗЫ, СТУДЕНТ: - Мысалы, қазақ үйдің есігі неге төмен орналасқан деп ойлайсыз? Себебі қазақ үйге кірген кезде оң аяқпен кіресіз. Яғни сіз үйге, төрге сәлем бересіз деген сөз. Ал шыққанда сіз тағы да сіз күнге сәлем бересіз. Бұның төмен жасалғанының өзінде үлкен бір терең ұғым жатыр деп айтуға болады. Жоба төрт жыл бұрын Ұлытауда басталып, кейін Көкшетау мен көне Тараз жерінде ұйымдастырылды. Биыл Ұлытау мәдени-лингвистикалық лагері өз қатысушыларын сақтардың ізімен есік қорғандарына алып келді. Ұлытау жобасы басталғалы бері 200-дей адам қатысып арнайы сертификаттар алды. Тілші: Ұлан Нарынбек Оператор: Валентин Лобанов
Мой аккаунт