У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Шығыс Қазақстанда қар көшкіні болып, теміржол желісін басып қалды. Салдарынан Өскемен -- Серебрянск бағытымен келе жатқан жүк пойызы бірнеше сағатқа тоқтаған. 43 вагондық пойыз темір жолдың 59-шақырымына жетіп, жүрісін тоқтатуға мәжбүр болған. Таудан түскен 400 текше метрге жуық қар теміржолды түгелдей басып қалды. Төтенше жағдайлар қызметінің айтуынша, арнайы техника екі сағаттан астам уақыт бойы теміржолды қардан тазалау жұмыстарымен айналысып, пойыз әрі қарай жүрісін жалғастырған. Облыста қарлы жел соғып, қар көшкіні болу қаупін одан әрі күшейтіп тұр. Ал қазірге қолайсыз ауа райына байланысты Өскемен -- Қалбатау, Өскемен -- Зырян бағытындағы жолдар жабылды. Подписывайтесь на «Хабар 24»:
https://www.youtube.com/c/tv24kz
Наш сайт - https://24.kz
Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/
Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/
Telegram - https://t.me/tvkhabar24
Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24
Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24