Tuesday, 16 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Қалалық орталық зират ауласына көлікпен кіруге тиым салынды

Қалалық орталық зират ауласына көлікпен кіруге тиым салындыУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Адамдардың зират ішін көлікпен еркін аралауына қатысты көптеген наразылықтар бұрыннан айтылып келеді. Сонымен қатар, зират аумағына көлікпен жүйткіп кіріп, арақ-шараптан ұрттап, қоқыс-шөлмектерді арнайы жәшіктерге тастамай кететін келушілер күн санап артып келеді. Зират әкімшілігі қызметкерлерінің айтуынша, жүргізушілердің рөлге мас күйінде отырып, қоршауларға соқтығысқан жағдайлар да болған. Аумағы 65 га болатын зират ішінде арнайы қоқыс жәшіктері орнатылған. Бірақ кей келушілер қалдықтарды көрші зират қоршауының ішіне тастап кетеді. Сондай-ақ жерлеу рәсімі кезінде ғана көліктерге кіруге рұқсат бар. Ал қалғандарына қорым алдында арнайы автотұрақ қарастырылған.
Мой аккаунт