Кафеге барамын деп полицейден таяқ жеген тұрғын әділдік іздейді
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Кафеге барамын деп полицейден таяқ жедім. Жезқазған қаласының 29 жастағы тұрғыны осылай құқық қорғаушыларды айыптап отыр. Дамир есімді азамат арнайы жасақ сарбаздары жерде жатқанда басымнан ұрып, құлағымның жарғағын жарып жіберді дейді. Қазір жас жігіт Астанадағы нейрохирургия орталығында емделіп жатыр. Себебі соққыдан соң бір жақ беті әлі күнге жансыз екен.