«Хабар» арнасында «Өгей жүрек» телехикаясы көрерменге жол тартты
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Жаңа маусымдағы жаңа туынды. Бүгіннен бастап «Хабар» арнасында «Өгей жүрек» телехикаясы көрсетіледі. Бөтен бала болмайды. Бұл сөздер – туындының негізгі арқауы іспеттес.
Фильм желісі басты кейіпкер Бибігүлдің өмірі арқылы өрбиді. Бауыр еті баласынан айырылып, өмірлік махаббатынан қол үзген ол 12 серия бойына сатқындық пен бассыздыққа тап болады.
Сценарий авторы Қуаныш Тоқанов фильмнің соңында бар қиындыққа төзе білген Бибігүлді бақыт жолына түсіреді. Алайда оның қандай бақыт екенін көрермен бүгін біле алады.
Телехикая дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 19.40-та көрсетіледі. Қапы қалмаңыздар.
Балтабай Сейітмамытұлы, ҚР Еңбегі сіңген қайраткері, актер, режиссер
-Қазіргі заманда көп жетім балалар, тастанды балалар – адамның жүрегіне, адамның сезіміне тиетін нәрсе. Сондықтан да бұл пайымдылығы бар, адамға деген түсінігін, сезімін оятатын нәрсе сияқты.
АРНАЙЫ ПАРАҚШАСЫ осында: