У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Осы сенбінің кешінде Геннадий Головкин Лондон шаршы алаңында кезекті жекпе-жегін өткізеді.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы IBF тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы британиялық Келли Брукпен қолғап түйістіреді.
«12 раунд жұдырықтасып, көшедегі төбелестің төресін көрсетуге дайынмын», – дейді Головкин.
Естеріңізге сала кетейік, бұл сайыста Головкиннің орта салмақтағы төрт белбеуі сарапқа салынады.