У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Еліміздің солтүстігінде жер дауы ушығып тұр. Ақжар ауданына қарасты Бостандық ауылының жүздеген тұрғыны егістік жерлеріне иелік ету құқығынан айырылып қалып шырылдап жүр. Өйткені мұнда бұған дейін жұмыс істеген "Бостандық" деп аталатын серіктестік қарызға белшесінен батқан соң халықтың жері кепілдікке алынған деп отыр. Бірақ алты мың гектардан астам кепілдегі жерлер жақында бәс сауда арқылы сатылып кетіпті.