Friday, 19 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Елімізде 9000-нан астам бала ата-ана қамқорлығынсыз қалған

Елімізде 9000-нан астам бала ата-ана қамқорлығынсыз қалғанУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Үржар медициналық-әлеуметтік мекемесінде орын кеңейді. Ол үшін облыстық бюджеттен 29 миллион теңге қаржы қарастырылған. Қазір мұнда 50-ге жуық жарымжан бала бар. Оларға жан-жақты көмек беріледі. 2 сыныпты табыспен аяқтаған Алексей Журавлевтің қолынан Абай шығармалары түспейді. Дүние есігін ашқанда аяғы жетілмеген кемістігін көріп, ата-анасы бас тартқан екен. 4 жасында Өскемендегі сәбилер үйінен Үржардағы осы мекемеге ауыстырылыпты. «Ол кезде сөйлей де, жүре де алмайтын», – дейді медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлері. Ал қазір балақан тақылдап тұр. Алексей Журавлёв, мекеме тәрбиеленушісі -Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба, құмарланып шаттанба, ойнап босқа күлуге, 5 нәрседен қашық бол, 5 нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз! Лёша өңірлік қана емес, қазақ тілі бойынша өткен республикалық олимпиадаларда аудан намысын қорғап, жүлделерге ие болыпты. Қазір мұнда Алексей сияқты мүмкіндігі шектеулі ондаған балаға 8 түрлі көмек көрсетіледі. Тамыз айынан бастап мемлекеттік мекеме кеңейтілетін болды. Енді көршілес аудан тұрғындары да арнайы көмек үшін Астана мен Алматыға сабылмайтын болады. Рысхан Жанкүшікова, Үржар медициналық-әлеуметтік мекемесінің директоры -Әлімсейітова Ажар арнаулы аяғына операция жасағаннан кейін, оңалдыру шараларын алғаннан кейін, бала өзі аяғымен мектепке барам деген арманын бүгін орындап, ешкімнің сүйемелдеуінсіз өзі жүріп, өзі аяқ киімін киіп, өзі осындай қуанышқа бөленіп отырғанын өте мақтан тұтамын, қуаныштымын. Ажардың да арманы көп. Ол біз айтып отырған Алексейдің сыныптасы. Мұндағылар бала болса да бір-бірінің тағдырын жақсы түсінеді. Алексей үлкейгенде барлығына қол ұшын созатын дәрігер, әрі ақын болғысы келеді. Қазірдің өзінде жыр шумақтарын жазып жүр. Жуық арада аяғына операция жасалмақ. «Алексей әлі-ақ өз аяғымен жүріп кетеді», – дейді мекеме қызметкерлері. Тағдырдан теперіш көрген тек қана Алексей емес. Жалпы Халықаралық балаларды қорғау күні елдегі ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар – ерекше назарда. Жалпы Білім және ғылыми министрілігінің бүгінгі ақпаратына сәйкес, Қазақстанда жетімдер саны 32 000-нан асады. Басым бөлігі – ағайын-туысының қамқорлығында. 2 000-ға жуығы патронатты отбасында тәрбиеленуде. Ал 9 000-нан астамы балалар үйінде. Айта кетері, мемлекет қамқорлығындағы балалардың дені – Қарағанды облысында. Ал Қызылорда өңірінде мұндай мекемеде 66 бүлдіршін тәрбиеленуде. Қазір елде 188 балалар үйі жұмыс істейді. Жетімдер қатары жыл санап кемуде. «Бұған соңғы 5 жылда 22 балалар үйінің жабылуы дәлел», – дейді мамандар.
Мой аккаунт