У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Рим Папасы Францискті Киелі тақ понтифигі лауазымына сайлануына байланысты көп ұлтты Қазақстан халқының және жеке өз атынан шын жүректен құттықтады. Жеделхатта «Қазақстан мен Ватикан арасындағы өзара түсіністік пен сенімге негізделген қарым-қатынас 20 жылдан астам уақыттан бері дамып келеді. Рим Папасы Иоанн Павел II-нің 2001 жылы Қазақстанға жасаған тарихи сапары соның айқын дәлелі» делінген. ҚР Президенті Рим Папасы Францисктің қызметі екі ел арасындағы ынтымақтастық пен сындарлы үн қатысудың одан әрі дамуына жаңа серпін беретіндігіне сенім білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызмет хабарлады. Подписывайтесь на «Хабар 24»:
https://www.youtube.com/c/tv24kz
Наш сайт - https://24.kz
Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/
Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/
Telegram - https://t.me/tvkhabar24
Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24
Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24