http://hanafi.kz/
http://vk.com/hanafi_atyrau?w=wall-69612881_32
Жақында арамызда жүрген бауырларымыздың ұстаздарының бірі Әһлу Сунна үмметінің ірі бөлігі, Имам Науауи, Ибн Хаджар Асқалани, Байһақи,Ибн Асакир, Құртуби, Ибн Кәсир, Ғазали, Суюти, Субки сынды ірі ислам ғұламалары ұстанған Әшғари ақидасын айыптап, лекция шығарған болатын. Іші толы жалған айыптау мен негізсіз өтірік. Десе де "Ей, иман келтіргендер! Сендерге бұзық біреу хабар жеткізсе, анықтаңдар" деген Құран аятын еске алып, осы мәселе ,шынымен де ол кісі айтып жатқандай ма, анық-қанығын білу үшін Ерсін ұстазбен жолыққан болатынбыз. Әлхамдулиллаһ! Ол кісі бізге Әшғари және Матруди ақидасының ірі ғұламаларының кітаптарын ашып бере отырып, бұл айтылған мәселенің жалған екенін анықтап берді. Сол сабақтың біз бүгін алғашқы бөлігін жариялап отырмыз.