Бүгінде әлеуметтік желілерге тіркелушілердің саны күн санап артып барады. Әсіресе, өнер жұлдыздары "Инстаграм" атты желіге соңғы кездері көптеп тіркеле бастаған. Енді ғаламтордың көмегімен кез-келген пайдаланушы қазақ эстрада, кино, театр саласының майталмандарының кіммен қайда, не істеп жүргенін біле алатын жағдайға жеткен. Осыған орай, тілшілеріміз ең сұранысқа ие "Инстаграм жұлдызы" тізімін жасап көрген еді.
2010 жылы ашылған «Инстаграм» фото мен видео бөлісуге арналған. Бұл желіге қазақ өнер жұлдыздары мен тіпті кейбір саясат өкілдерінің қызығушылығы артқаны соншалық, бірінен соң бірі Инстаграмға тіркеліп, соңғы жаңалықтарымен бөлісуді әдетке айналдырған. Мәселен, атақты Мейрамбек Беспаев ағамыздың қандай тағам жеп, кіммен бильярд ойнап жүргеніне дейін біле аласыз. Ал, қызының жүзін көрсетпесе де оның суреттерін салып жүрген Сәкен Майғазиев халыққа бұлардың бәрі қызық екенін жақсы түсінеді.
Суреттермен қатар оларды көрушілердің, яғни фолловерлердің саны да әсіресе өнер жұлдыздары үшін маңызды. Осыған орай біз Инстаграмның ең танымал 10 жұлдызының рейтінгісін жасап көрген едік. Ең көп қолданушысы бар Баян Есентаеваны 100 000 адам бақылайды, одан соң Мақпал Исабекова 71 000-нан аса, одан әрі Дильназ Ахмадиева 59 000, Айқын Төлепбергенде 56 000, Әли Оқапов 49000, 6-шы орында 43 мыңнан аса оқырманы бар Мейрамбек Беспаев, жаңадан тіркелген Қарақатта 40 000, Сәкен Майғазиевте 38 000, Айгүлде 29 000, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның өмірін 20 000 адам бақылайды екен.
СӘКЕН МАЙҒАЗИЕВ, «Музарт» тобының әншісі:
БАЯН ЕСЕНТАЕВА, продюсер:
Расымен де өнер жұлдыздарының не істеп жүргені көп адамға қызық. Мәселен, осы желі арқылы Айнұр Тұрсынбаеваның аптасына неше рет ет асатынын, оны қандай өнер жұлдыздарының дәм татқанын, Баян Есентаеваның бояусыз бет-әлпеті мен қызының аспаздық шеберлігін қызықтауға болады. Алайда, бұл суреттерге көңілі толмай, небір сұмдық комментарий жазатындар тағы бар. Оларды өнер жұлдыздары оқитын болып шықты, бірақ Айгүл Иманбаева сияқтылар оған бас қатырмайды екен.
АЙГҮЛ ИМАНБАЕВА, әнші:
Ал, ғаламторды жиі пайдаланушы жастар өнер жұлдыздарына деген өз тілек-ұсынысы бар екен.
Бұл ұсынысқа халықтың сүйіктілері құлақ асар аспасын Инстаграмға салынатын алдағы фото-суреттерден біле аламыз.
Аида Боранбай, Думан Сүлейменов.