Wednesday, 10 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Бөлтірік Атыханұлы. Кюй "Толғау".

Бөлтірік Атыханұлы. Кюй "Толғау".У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Бөлтірік Атыханұлы (1870, Алматы облысы Райымбек ауданы Қарабұлақ аумағы — 1928) — айтыс ақыны. Құланаяқ Құлмамбеттің шәкірті. Бала кезінде ауыл молдасынан дәріс алған. Жасынан ел аралап, өнер қуған. Жетісу өлкесіне айтыскер ақын ретінде танылған. Атақты Жамбыл, Майкөт ақындармен айтысының үзінділері ғана жеткен. Шығармалары 1916 жылғы Қарқара ұлт-азаттық көтерілісі жайлы "Ел жарыла көшкенде" атты дастаны "Жаңа мектеп" журналында (1926, 1929 — 10), "16 жыл" (1936, 1940) кітаптарында басылды. Шығармаларының көбі хатқа түспеген. Кейбір айтыстары мен өлең-жырлары "Қазақ совет фольклоры" (1935), "Айтыс" (1 т., 1965), "Жамбыл" (1946) жинақтарында жарияланды. "Азамат болсаң" (1993), "Ел жарыла көшкенде" (1998) атты жеке жинақтары жарық көрді. Бөлтірік шығармаларының қолжазбалары Қазақстан Орталық ғылыми кітапханасының сирек қоры мен Әдебиет және өнер институты Қолжазба орталығында сақтаулы.
Мой аккаунт