У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Ақтөбеде жетімдер құқы тапталуда. Арнайы тексеру барысында өңірде ата-ананың мейірімінен қағылған балалардың жағдайы тіптен мәз емес екендігі анықталды. "Алға" балалар үйіндегі үш жүзге жуық бала ұзақ уақыт бойы аймақтық және орталықтандырылған жүйеге есепке енгізілмепті. Осылайша, олардың ешбірі асырап алуға ниет білдіргендердің назарына ілінбей келген. Оған қоса, "Алға" балалар үйінде азық-түліктен қауіпті бактериялар табылса, "Тамды" балалар үйінде тар бөлмелерге сегіз баладан орналастырылыпты.