Tuesday, 16 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Балабақша тәрбиешісі балалардың аузына скотч жапсырған

Балабақша тәрбиешісі балалардың аузына скотч жапсырғанУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Қаламыздағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші бүлдіршіндердің аузын скотчпен жапқан. Ата-аналарға бұл туралы балалары айтып берген. Ата-аналар ғаламторға жүктеп үлгерген бұл әуесқой бейнежазбадан балалардың өз тәрбиешілері туралы сұрақтарға жауап беріп жатқанын аңғаруға болады. Дәл осы жайтқа қатысты балабақша меңгерушісі Света Қосыбаева былай деп жауап берді. Бұл жайттан хабардар болған қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева мәселенің анық-қанығын білу мақсатында бүгін бақшаға арнайы құрылған комиссия мүшелерімен бірге келді. Ата-аналар кінәлаған тәрбиешіні сұрақтың астына алды. Балалар түскі ұйқыда болғандықтан олардан өз тәрбиешілеріне қатысты жауап алу мүмкін болмады. Мектепке дейінгі гимназия меңгерушісі Света Қосыбаева болса өз қарамағындағы қызметкерін жамандыққа қимайды. Қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева мәселенің мән-жайын анықтауға уәде берді. Бұл жағдайға қатысты алдағы уақытта шешім шығатынын айтты. Ғаламторда жария болған бейнежазбадан бөлек, қаланың бас ұстазы балабақшаның ішіне тарай бастаған кәріз иісіне қатысты да ескерту жасады.
Мой аккаунт