«ТІЛ ЖАНАШЫРЫ-2011» ҚҰРМЕТ БЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ
(28-қараша 2011, «Бейбітшілік және келісім» сарайы)
Ана тіліміздің ауыр жүгін арқалап, даму көкжиегін кеңейтуге үлкен үлес қосып келе жатқан азаматтар «Тіл жанашыры-2011» құрмет белгісімен марапатталды.
«Тіл жанашыры» құрмет белгілерімен -- «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы Ахмет Аляз, «Болашақ» қауымдастығының төрағасы Бауыржан Байбек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы Намазалы Омашев, республика Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының судьясы Әділ Құрықбаев, қазақ айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, ақын Жүрсін Ерман, «Хабар» агенттігі АҚ басқарма төрағасы Айдос Үкібай, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, «Алтын қыран» компаниялар тобының бас директоры, меценат Исламбек Салжанов, «Нәтиже» сүт фабрикасының директоры, меценат Ерлан Әшімов, «7»-телеарнаның директоры Бибігүл Жексенбай, «Қазнефтегазпром» компаниясының президенті, меценат Жәнібек Елекбаев, «Қазаққстан» ҰТК-ның жүргізушісі Мая Веронская, «Алаш айнасы» газетінің бас редакторы Серік Жанболат, «Айгөлек» журналының бас редакторы Қымбат Әбілдина, «Қазақша «Википедия» қоғамдық қорының басшысы Рауан Кенжеханұлы, сазгер-әнші Марат Омаров пен «Жас қазақ» газетінің бас редакторы Қазыбек Иса марапатталды.
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева.
Айтыскер ақын Балғынбек Имашев.