Ауыр атлет Владимир Седов Талдықорғанда өтіп жатқан жарыста жейдесін шешіп, айқайға басты
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
«Зілтемірші Владимир Седов Қазақстан Чемпионатында шығарған дау үшін жауап береді және халықтан кешірім сұрайды». Осылай деп арнамызға Ауыр атлетикадан мемлекеттік жаттықтырушы Меңдіхан Тәпсірұлы сұхбат берді. Айта кету керек, бүгін ауыр атлет Владимир Седов Талдықорғанда өтіп жатқан жарыста көпшілік алдында жейдесін шешіп, айқайға басып, чемпионатқа қатысудан бас тартты.