Monday, 22 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Ауған соғысы ардагерлері Гитлер үшін ұрсып қалды

Ауған соғысы ардагерлері Гитлер үшін ұрсып қалдыУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Бір нөмірін түгелімен Адольф Гитлерге арнаған «Аңыз адам» журналы қоздатқан дау қазақ қоғамын ғана емес, бір тағдырды өткерген Ауған соғысы ардагерлерінің де арасын ашып кетті. Олардың кейбірі «Аңыз адам» журналы жаман мен жақсыны, жауыздық пен жасампаздықты ажыратып көрсету арқылы тарихтан тағылым жасайтын патриоттық тәрбие беру құралына айналды» дейді. Қарсы тарап журналдың ашықтан-ашық фашизмді насихаттап, нәсілшілдікті қоздырып, қоғамда әдейі алауыздық тудырып жатқанын айтады. Осындай айтыс-тартыс қыза келе кейде ұрда-жық төбелеске ұласып кете жаздап жүр. Сондай бір оқиға кеше Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубының алдында болды.
Мой аккаунт