Wednesday, 17 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Астанада «Әлем таныған Димаш» мерекелік кеші өтті

Астанада «Әлем таныған Димаш» мерекелік кеші өттіУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Елімізді әлемге танытып жүрген азаматтардың бірі – Димаш Құдайбергенов. Қытайдағы «Мен әншімін» байқауында 2-орын иеленген ол бүгін Астанаға келді. Отандасымызды жанкүйерлері мен жақындары әуежайдан күтіп алды. Ал осыдан бірер сәт бұрын ерекше талант иесінің құрметтіне арнайы ұйымдастырылған мерекелік концерт басталды. Ердәулет Байдуллаев, тілші: - Әлем таныған Димаш. Бүгінгі кеш осындай айдармен өткізіліп отыр. Оның басталғанына да міне 1 сағатқа жуықтап қалды. Концерттің ашылуы алдында «Қазақстан» щрталық концерт залының кіреберісіне қызыл кілем төселіп, жұлдызға лайық құрмет көрсетілді. Ал Димаштың жанкүйері оны ән айтып әрі флешмоб жасап, қарсы алады. Кешке сондай-ақ Димашқа өнерді түсіндірген, оны шабыттандырған, сахнаға шығарған ұстаздары мен ата-анасы, туысқандары да жиналды. Оның бүгінгідей жетістікке жетуі үлкен еңбекпен келгендігін олар жақсы біледі. Концертте отандық, сондай-ақ Қытайдан арнайы келген өнер жұлдыздары ән салуда. Сондай-ақ Димашты әлемге танытқан музыкалық композициялар «Ұмытылмас күн», «SOS» және «Дайдидау» қазақ әні де шырқалмақ.
Мой аккаунт