У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Арнамыздағы ең дәмді де қызықты "Дәмді құпиялар" бағдарламасы жаңа маусымын бастайды. Жаңа жүргізушілермен, жаңаша сипатта көрерменге жол тартатын жобаның түсірілім жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
"Ас адамның арқауы" деген халқымыз асхана мәселесіне қатты көңіл бөлген. Ал асты дәмді даярлау одан да маңызды. Көрермендер дәмді тағамның дайындалу сырын ғана біліп қоймай, қызықты да көңілді әңгіменің куәсі бола алады. Өйткені бағдарлама жүргізушілері елімізге танымал тележұлдыздар.