Saturday, 27 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Арал айдынынан балықтың 22 түрі ауланады

Арал айдынынан балықтың 22 түрі ауланадыУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Кезінде Каспиймен қабысып жатқан Арал айдыны өткен ғасырдың алпысыншы жылдары келмеске кеткендей көрініп еді. Бүгінде «ғасыр жобасының» ғаламат нәтижесіне күллі әлем таңырқай қарайды. Аралдан әріптесім Нұрлан Жақыпбектің материалы. Тоқсаныншы жылдары егемендігін енді ғана еншілеген ел үшін Аралдан өзге де түйткілдер көп еді. Алайда Елбасы күллі адамзат қасіретімен күрес жолында жер жүзі қауымдастығын жұмылдыра білді. САРАТС сенімді ақтады. «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтап қалу» жобасы шеңберінде салынған Көкарал бөгеті 2006 жылы аяқталды. 13 шақырымдық тоспа кіші теңізді «өлі теңізден» бөліп алды. Осылайша судың деңгейі көтеріліп, тұздылығы төмендеп, балық өрісі жанданды. Ақылбек Мақашев, балықшы -15 жыл болды балыққа шыққанымызға. Тіршілік осы. Еңбек істесең қарның тояды деп тыным таппаймыз. 50 келі балық аламыз сазаннан, майда балығы бар 50 келі. 1 жеті жатып бала-шағамызға апарамыз. Қазіргі таңда Арал айдынынан балықтың 22 түрі ауланады. Жылына 3 мың тонна теңіз өнімдері Еуропа елдеріне экспортталады. Туризм индустриясының да алға жылжығаны байқалады. Қамбаш көліне келіп, тынығатындар қатары артып келеді. Абзал Мұхимов, Арал ауданының әкімі -Қамбашта біз былтырдан бастап жұмыс жасап, инфрақұрылымын, төңірегіндегі транспорттық жүйесін, су-электр жүйесін ретке келтіріп жатырмыз. Соның арқасында былтыр 70 мыңнан астам турист келген болса, биыл 100 мыңнан асып отыр. Бүгінде «Арал күндері» мерекесін өткізу дәстүрге айналған. Биыл да бұл шара қайта түлеп, жаңарған өлкенің толағай табыстарын айшықтауға арналды. Аралдықтар: «Бүгінгі жетістістігіміздің барлығы Тәуелсіздіктің арқасы», – деп біледі. Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Руслан Айтманбетов
Мой аккаунт