Saturday, 01 November, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Амангелді Тұрсыновтың шығармашылық көрмесі ашылды

Амангелді Тұрсыновтың шығармашылық көрмесі ашылдыУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Шымкентте ҚР Еңбегі сіңген өнер қайраткері, суретші Амангелді Тұрсыновтың 70 жылдығына орай ұйымдастырылған шығармашылық көрме ашылды. Абай саябағындағы көркемсурет галереясында өз кәсібіне берілген, бейнелеу өнері жолында бар ғұмырын сарп еткен жанның 65 кескіндемелік туындысы мен 6 мүсіндік жұмысы қойылды.Көрменің ашылу салтанатына суретшінің замандастары мен зиялы қауым өкілдері, туған-туыстары мен жастар, қала тұрғындары қатысты. Амангелді Тұрсыновтың ұлтына, туған жерге,отанына деген сүйіспеншілігі шығармаларында шынайы көрініс тапқан. Қылқалам шебері сурет өрнектерінің сырлы бояуын ұтымды қолданып, қазақ кескіндеме өнерінде ерекше қолтаңбасын қалдырды. Суретшінің қылқаламынан туындаған «Қазығұрт баурайы», «Ақ алтынды аймақ», «Тың түлектері» және «Талқанның дәмі», «Сушылар», «Ананың құшағында» атты жанрлық пейзаждары -- осыған дәлел. Подписывайтесь на «Хабар 24»: https://www.youtube.com/c/tv24kz Наш сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24
Мой аккаунт