Алматының Орталық алаңында Қазақстан мен Ресей эстрада жұлдыздарының футболы болды
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Бүгін Алматының Орталық алаңында Қазақстан мен Ресей эстрада жұлдыздарының футболы Жұбаныш Жексенұлының голымен басталды.
Қазақ әншілерінен құралған "Алатау" командасын қолдауға көрермен аз жиналса да, ойын өте тартысты өтті. Ресей әншілерінен құралған "Старко" командасы қанша тырысса да, сәтті ойнай алмады.
Алатау футбол командасы кездесуге қызу дайындалған болатын. Әсіресе соңғы екі аптада ойыншылар жасыл алаңнан шықпаған еді. Ал, бүгін ойын алдында екі команда тілшілер қауымына арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Сөйтіп, Жұбаныштың голымен басталған ойын 3:1 болып, қазақ әншілерінің жеңісімен жаңа ғана аяқталды. Екінші және үшінші голды Медет Көжекбаев пен Сәкен Майғазиев соқты. Қазір футболшыларды марапаттау рәсімі жүріп жатыр, оның соңынан концерт болмақ. Ал, ойынның қалай өткенін, алаңда және оның сыртында қандай қызықтардың болғанын ертеңгі "Информбюро" шығарылымында толық айтып беретін боламыз.