Aлматыдағы жер сілкінісі 4-5 балл шамасында болған
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Aлматылықтардың түн ұйқысы бұзылды. Таң жаңадан атып келе жатқанда жер сілкінді. Жер дүмпуін Алматы ғана емес, Талдықорған қаласы мен Алматы облысы ауылдарының тұрғындары да сезінді. Абырой болғанда, зілзаладан зардап шеккен адамдар мен бүлінген ғимараттар болған жоқ. Жер сілкінісінің күші шамамен 4-5 балл шамасында болған. Ал оның эпицентірі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 485 шақырым жердегі Қытай елінде болған екен.