Алматыда мың жылда бір болатын шоу ұйымдастырылды (22.03.16)
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Әз-Наурызға арналған басты мерекелік шара Алматыда «Астана» алаңында бастау алды. Оны тамашалауға 100 мыңнан аса тұрғын жиналды. Шара барысында Алматының 1000 жылдық мерекесін тойлау ресми түрде басталды. Ізінше, биыл Қазақ елі Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтпек. Барлық сән-салтанатымен безендірілген алаңда Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек халықты Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Наурыз мейрамына арналған ерекше шоуда түркі тектес елден келген өнерпаздар өнерімен тәнті етті.