Monday, 15 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Ақтауда қаза тапқан сарбаздар жанұясына 2,5 млн теңге қаржылай көмек көрсетіледі

Ақтауда қаза тапқан сарбаздар жанұясына 2,5 млн теңге қаржылай көмек көрсетіледіУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Ақтауда өткен әскери жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздар кеше және бүгін жер қойнына тапсырылды. Туған жерлеріне жеткізілген жауынгерлерді Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері соңғы сапарға барлық салтанатымен шығарып салды. Қазір қалың елдің қабырғасын қайыстырған қайғылы оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл мәселе Қорғаныс министрінің жеке қадағалауында. Қыршын кеткен сарбаздар! Оқу-жаттығу кезінде төрт жауынгердің қаза болуы күллі қазақ елінің қабырғасын қайыстырды. Қаза тапқан сарбаздың екеуі Атырау, біреуі Оңтүстік Қазақстан және тағы біреуі Алматы облысының тумасы. Жауыргерлердің денесі туған жерлеріне жеткізіліп, бүгін жер қойнына тапсырылды. Айсұлтан Құлбеков, марқұмның немере ағасы -Бала мектеп бітірген соң Атырауда 4 айдай курста оқыды. Сосын әскерге кетті. Басқа қызық көрген жоқ. Ата-анасының талабы ешқандай жоқ. Тек баланың арты сұраусыз қалмасын дейді. Келешек ұрпаққа тәрбие болсын дейді. Мына бала былай айтқанда ерлікпен қаза тапқан бала. Мына БТР-дің ішінде 6 адам болады екен. 6 кісінің 4-еуін өзі шығарып жіберіп, 2-еуі қалған. Люктен шығуларына көмектескен. Сосын өзі суға тұншығып қалған. Бұл отбасылардың қайғысына бүкіл ел ортақтас. Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл бұл оқиға оны тіптен, күзелтіп жібергенін айтады. Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты -Қайтыс болған жауынгерлердің отбасына көмек көрсету шұғыл қолға алынды. Бір аптаның ішінде әр отбасыға 2,5 млн теңгеден қаржылай көмек көрсетілмек. Жанар Колбачаева, ҚР ҚМ департамент жетекшісі -Заң бойынша қаза болған әскерилердің отбасына 2 ай мерзімі ішінде 1 реттік өтемақы төленеді. Бірақ Қорғаныс министрінің тікелей тапсырмасымен бойынша, аталған жәрдемақы осы аптаның ішінде ешбір кедергісіз төленетін болады. Бұған қоса материалдық көмек ретінде әрбір отбасы миллион теңгеден алды. Және де азық-түлік жәрдемдер алып жатыр.
Мой аккаунт