У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Елімізде 50 мыңнан астам балаға алимент төленбей отыр. Борышкерлердің қарызы 3,7 млрд теңгеге жеткен. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы барысында мәлім болды. Шараға жиналғандар алимент бойынша жаза қолдану мәселесін талқылап, қолданыстағы заңға бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынды. Мәселен, безбүйрек әкелердің алимент бойынша қарызы бар екені куәлік қолданылатын орындардың бәрінде айқын көрсетіліп, олар мемлекеттік қызмет көрсетуден қағылуы мүмкін. Сонымен қатар тиісті жәрдемақыны дер кезінде алуға мүмкіндік беретін «Мемлекеттік алимент қорын» құруды жоспарлап отыр. Шаруаны ширатуды мойнына алған прокуратура өкілдері бүгінде тиісті құжатты әзірлеу үстінде. Подписывайтесь на «Хабар 24»:
https://www.youtube.com/c/tv24kz
Наш сайт - https://24.kz
Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/
Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/
Telegram - https://t.me/tvkhabar24
Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24
Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24